Түрксіб ауданында құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған дәріс өтті

Түрксіб ауданында құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған дәріс өтті

Алматы қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы мен заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің мамандары Түрксіб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне арнап құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында дәріс өткізді.

Іс-шара барысында мамандар қызмет көрсету саласындағы өзекті құқықтық мәселелерді, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ қатысушылар күнделікті жұмыс барысында жиі кездесетін құқықтық жағдайлар бойынша нақты мысалдар келтіріп, тәжірибелік кеңестер алды.

Лекция барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан толыққанды жауаптар алды. Шара соңында қатысушылар мұндай түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, алғыстарын білдірді.