Түрксіб ауданының пробация қызметі Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдерімен бірлесе отырып, есепте тұрған сотталған азаматтарға арналған құқықтық түсіндіру шарасын ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға заңнамалық мәселелер бойынша көмек көрсету, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету.
Іс-шараға тәжірибелі мамандар қатысты:
• адвокат Лейла Рамазанова,
• сот орындаушы Ғалым Болатұлы,
• тіркеу қызметі саласындағы маман Арайлым Байсалбаева,
• еңбек мобильділігі орталығының бас маманы Гүлзира Өтемісқызы.
Қатысушыларға пробация шарттары, еңбекпен қамту мүмкіндіктері, сот актілерінің орындалу тәртібі, тіркеу қызметтеріне қол жеткізу жолдары бойынша толыққанды ақпарат беріліп, азаматтардың сұрақтарына жауап берілді.
Мұндай кездесулер есепте тұрған азаматтардың қоғамға бейімделуіне және олардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.