Алматы облысы Әділет департаментінің 2023 жылдың 2-ші жарты жылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың қорытындысы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Алматы облысы Әділет департаментінің 2023 жылдың 2-ші жарты жылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың қорытындысы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Алматы облысы Әділет департаментінің 2023 жылдың 2-ші жарты жылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың қорытындысы бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА 

Қонаев қаласы                                                           28 желтоқсан 2023 жыл

         Алматы  облысы Әділет департаментімен (бұдан әрі - Департамент) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүзеге асырылды, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында, Департамент басшысының 2023 жылғы 21 қараша №-1/29573-вн бұйрығымен құрамына құрылымдық бөлімшелер басшылары енгізілген жұмыс тобы бекітілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық аталған бұйрыққа сәйкес Департамент басшысының орынбасары Н.А. Сатубековқа жүктелді.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2023 жылдың 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында жүргізілді.

Ішкі талдаумен 2023 жылдың 2-ші жартыжылдық жұмыс мерзімі қамтылды.

Осы талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларымен айқындалатын тәртіпті сақтай отырып жасалды.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау Департаменттің барлық бөлімдерінің қызметтерінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша жүргізілді.

         Талдау қорытындысы бойынша келесілер анықталды.

         Бөлімшелердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша.

         Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Әділет органдары туралы» Заңын, басқа да әділет органдары қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

         Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңына сәйкес, Департамент келесі салалардағы функцияларды жүзеге асырады:

         - мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

         - заң көмегін көрсету және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;      

         - зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;

         - атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету.    

         Департамент бөлімдерінің қызметтерінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізілген ішкі талдау қорытытындысы келесіні көрсетті. 

Сот актілерін орындау салысындағы негізгі нормативтік құқықтық актілер:

         - Қазақстан Республикасының  «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңы;

         - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен бекітілген  «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында нормативтік құқықтық актілерде қайшылықтар анықталды.

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау кезде: Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен бекітілген  «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларының 1-қосымшасының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттарды қабылдап алу аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күн деп көрсетілген.

Алайда, «Е-лицензирование» Мемлекеттік деректер базасында    көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетінқызметті алушылардың арызы келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күн беріледі.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»  Заңының 5-1-бабының 2-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін міндетті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын, сондай-ақ оларды көрсету үшін қажет болатын өзекті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.

         Нотариат және адвокатура саласында негізгі нормативтік құқықтық актілер:

  • Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы», «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңдары;
  • Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығымен бекітілген «Нотариустың ұй-жайына қойылатын талаптар»;
  • Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығымен бекітілген «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау тәртібі туралы ереже»;
  • Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №32 бұйрығымен бекітілген «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже»;
  • Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы №62 бұйрығымен бекітілген «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу»;
  • Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы №61 бұйрығымен бекітілген «Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу».

«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша нормативтік құқықтық актілерде қайшылықтар анықталды.

         Атап айтқанда, «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-2-бабының 3-тармағына сәйкес, құжаттар тиісінше рәсімделмеген не олардын толық топтамасы табыс етілмеген жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары қайтару себебі туралы жазбаша хабарламамен ол түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде үміткерге өзі ұсынған құжаттарымен бірге өтінішті қарамастан қайтарады.

         Алайда, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен бекітілген «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметі беруші құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, усынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды дайындайды.

«Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша нормативтік құқықтық актілерде қайшылықтар анықталды.

Ұқсас қайшылықтар адвокатура саласындағы заңнамаларында анықталған, айтсақ Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңы (әрі қарай – Заң) және Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығымен бекітілген «Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» қызмет көрсету қағидаларының нормаларымен құжаттарды қайтару, немесе дәлелді бас тарту қарастырылған.

Атап айтсақ, Заңның 40-бабының 3-тармағында құжаттар тиісінше ресімделмеген не олардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда, ұсынылған құжаттармен бірге өтінішті "электрондық үкіметтің" веб-порталына келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оларды қарамастан, қайтару себебі туралы хабарламамен бірге үміткерге қайтарады деп көрсетілген.     

Алайда, аталған Қағидалардың 5 тармағына сәйкес, Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды дайындайды.

Департаменттің ұйымдастыру және басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:   

Персоналды басқару, сонымен бірге кадрлардың ауысымы

2023 жылдың 2-ші жартыжылдығының штат саны

Департамент

Аумақтық әділет

басқармалары

Сот актілерін орындау

аумақтық бөлімдері

                32

                   6

                 15

Барлығы: 53

2023 жылдың 2-ші жарты жылдығының бос лауазымдар саны

                6

                   6

                  2

Барлығы: 13

2023 жылдың 2-ші жарты жылдығының қабылданған қызметкерлер саны (басқа МО)

Департамент

Аумақтық әділет

басқармалары

Сот актілерін орындау аумақтық бөлімдері

 

2023 жыл 

 

    2023 жыл

 

   2023 жыл

 

       2

 

       0

 

         0

Барлығы 2023 жылдың 2-ші жарты жылдығында: 4

2023 жылдың 2-ші жарты жылдығында жұмыстан босатылған қызметкерлер саны

 

2023 жыл

 

2023 жыл

 

2023 жыл

 

        6

 

     0

 

       3

Барлығы 2023 жылдың 2-ші жарты жылдығында: 6

2023 жылдың 2-ші жартыжылдығы бойынша тәртіптік жаза қолдану бойынша ақпарат

Департамент

Аумақтық әділет

басқармалары

Сот актілерін орындау аумақтық бөлімдері

3

0

2

Барлығы 2023 жылдың 1-ші жарты жылдығында: 3

             

 

ТАЛДАУ ЖАСАЛҒАН САЛАДАН ТУЫНДАҒАН БАСҚА ДА МӘСЕЛЕЛЕР

  • Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жариялымдар

БАҚ бойынша талдау 2023 жылдың 2-ші жартыжылдығында Департамент қызметкерлеріне қатысты (жағымсыз) жариялымдар фактілері болмағандығын  көрсетті.

2) Департаменттің лауазымдық тұлғаларымен жасалған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық бойынша мәліметтер

Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес Департамент лауазымды қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққұқық бұзушылықжасағандары үшін жауапкершілікке тартылғандары туралы мәлімет жоқ.

Жүргізілген талдаудың негізінде, ұсынылады:

  1. Әкімшілік-құқықтық бөліміне қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын қатаң сақтауға бағытталған алдын ала сақтандыру сипатындағы шараларды жүйелі түрде өткізу.
  2. 2. Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөліміне Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне анықталған нормативтік құқықтық актілеріндегі қайшылықтарды тиісті қалыптастыруға келтіру туралы ұсыныстар жолдау.
  3. Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөліміне Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне анықталған нормативтік құқықтық актілеріндегі қайшылықтарды тиісті қалыптастыруға келтіру туралы ұсыныстар жолдау.

 

Ұсыныстарды орындау мерзімдері:

  1. Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінеосы анықтама ұсынысының 2-тармағының орындалуын 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүзеге асыру.
  2. Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөліміне осы анықтама ұсынысының 3-тармағының орындалуын 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүзеге асыру.