Тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан» сурет байқауы

Тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан» сурет байқауы

14 желтоқсан 2020 жылы Панфилов ауданаралық Әділет басқармасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының ғимаратында, Қазақстан Республикасы 16 – желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында басқарма қызметкерлерінің балалары арасында сурет салу байқауы өткізілді.

Іс – шара мақсаты – балаларды туған елге, жерге сүйіспеншілікті ояту, ұлттық бірлікке тәрбиелеу, өнерге баулу.

Байқауға қатысқан балалар өздерінің салған суреттерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Әр бала бірінші орынға лайықты болғандықтан, еңбектері еленіп, басқарма басшысы Марат Рахымбердіұлы Сағымбекпен бүлдіршіндерге сыйлықтар мен марапаттау грамотасы табыс етілді.