15 мамыр Халықаралық отбасы күні!

15 мамыр Халықаралық отбасы күні!

Бүгін, 2026 жылдың 15 мамырында Халықаралық отбасы күніне орай, Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы Ж.Самашев, Қонаев қаласының Отбасын қолдау орталығымен бірлесіп, Заң қауымдастығының мүшелері — адвокат, нотариус, заң кеңесшілері және Аналар кеңесі мүшелерінің қатысуымен көпбалалы аналардың өзекті сұрақтарына тегін құқықтық кеңес беру бойынша іс-шарасын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында көпбалалы аналарға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға тегін құқықтық көмек көрсетіліп, азық-түлік себеттері табысталды.

Аталған іс-шара отбасы институтын нығайтуға және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.