Әдеп жөніндегі уәкілінің семинары

Әдеп жөніндегі уәкілінің семинары

2026  жылдың 14 мамырында Алматы облысы Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Жамбыл Асадинұлы, 2026-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасының 12 тармағын орындау мақсатында, Департамент қызметкерлерінің, Алматы облысы бойынша сот сараптамалары институты директорының орынбасары Дархан Тәңірбергенұлы Манаптың және экономикалық-сарапшы Эдуард Евгеньевич Пактың қатысуымен «Іскерлік қарым-қатынас тәжірибесі және мемлекеттік қызметшілердің тілдік дағдыларын дамыту» тақырыбына семинар өткізді.  

Өткізілген семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің іскерлік қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру, кәсіби тілдік дағдыларын дамыту және мемлекеттік қызмет саласында тиімді коммуникация орнатудың маңыздылығы аталып өтті.