
2026 жылдың 12 мамырында Алматы облысы Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Жамбыл Асадинұлы, 2026-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасының 5 тармағын орындау мақсатында, Департамент қызметкерлері арасында «Мемлекеттік органдарда өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру туралы» дәріс өткізді.
Өткізілген дәріс барысында мемлекеттік органдарда өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру, бұл әрбір қызметкердің бір-бірінің пікірін, еңбегін, жеке бас қадір қасиетін және кәсіби ұстанымын мойындауы және сыйлауы, сондай-ақ мемлекеттік органда бұл қағида тек этикалық норма емес, сонымен бірге қызметтік міндеттердің сапалы орындалуының негізі болып табылатыны аталып өтті.