
2026 жылдың 14 сәуірінде Әділет департаментінің сот орындаушысы Д.Е.Калиев Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мамандарымен, сондай-ақ «Қарызсыз қоғам» жобасының өкілімен бірлесіп, «AMANAT» партиясының өңірлік филиалы алаңында халықпен кеңестік кездесу өткізді.
Кездесу барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу саласындағы қолданыстағы заңнама нормалары, берешекті өтеу тәртібі, сондай-ақ жеке сот орындаушыларымен өзара әрекеттесу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері түсіндірілді.