
Әділет департаментінің бас маманы А.Қалиақпардың және Алматы облысы адвокаттар алқасының адвокаты А.Шәріповтың қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және одан зардап шеккен жандардың құқығын қорғауға Қазақстан Республикасында тегін заң көмегін көрсету мәселесі бойынша тікелей эфир өткізілді.
Эфир барысында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелерін реттейтін қолданыстағы заңнама нормалары, оған жүгіну тәртібі, сондай-ақ оны алуға құқығы бар азаматтар санаттары түсіндірілді. Адвокат тарапынан практикалық ұсынымдар беріліп, қатысушылардың өзекті сұрақтарына жауаптар ұсынылды.
Аталған іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтар үшін заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.