Qonev Media жергілікті телеарнасына сұхбат

Qonev Media жергілікті телеарнасына сұхбат

Ағымдағы жылдың ақпан айында Мемлекеттік сот орындаушысы Калиев Данияр Ермекович Qonev Media жергілікті телеарнасына сұхбат берді.

Сұхбат барысында жеңілдетілген атқарушылық іс жүргізу тәртібі және атқарушылық өндірістің цифрландырылуы туралы айтылды.

Бүгінде әділет органдарында жеңілдетілген атқарушылық іс жүргізу кеңінен қолданылады. Бұл — артық қағазбастылықсыз және тараптарды шақырмай-ақ жүзеге асырылатын заманауи өндіріп алу тәсілі.

Аталған тәртіп даусыз талаптар бойынша қолданылады:

▪ әкімшілік айыппұлдар

▪ салық берешектері

▪ нотариустың атқарушылық жазбалары

▪ және өзге де даусыз міндеттемелер

Бұл тәртіптің басты артықшылығы — жеделдік пен цифрлық формат.

Сонымен қатар, сұхбатта Атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинеті туралы кеңінен түсіндірілді.

Аталған онлайн-сервис арқылы азаматтар:

✔ өз атына қозғалған атқарушылық істі тексере алады

✔ берешек сомасын көре алады

✔ қаулылармен таныса алады

✔ құжаттардың көшірмесін жүктей алады

✔ өтінішті онлайн жолдай алады

✔ берешекті онлайн төлей алады

Калиев Данияр Ермекович өз сөзінде:

«Біздің мақсат — азаматтарды жазалау емес, сот шешімінің орындалуын заң аясында қамтамасыз ету және өндіріп алушының құқықтарын қорғау. Цифрлық сервистер процесті барынша ашық әрі қолжетімді етеді», — деп атап өтті.

Әділет органдары атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру және оны әрбір азамат үшін түсінікті әрі тиімді ету бағытында жұмысты жалғастыруда.

 

#ӘділетОргандары

#АтқарушылықІсЖүргізу

#ИсполнительноеПроизводство

#QonevMedia

#Цифровизация

#adiletgov_alm_obl

#adiletgovalmobl

#АлматыОблысыӘділетДепартаменті