Заң клиникасы

Заң клиникасы

«Заң клиникасы» – әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтарға азаматтық, әкімшілік, еңбек, отбасылық, тұрғын үй, жер және көші-қон мәселелері бойынша тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған жоба болып табылады.

Осындай клиниканың біреуі Алматы облысы, Абылай хан көшесі 1/1
мекен-жайында орналасқан Сүлеймен Демирел Университетінің
(SDU University) SDU Law Clinic заң клиникасында қызметін жүзеге асырады.

Заң клиникасының мақсаты – өңір халқының құқықтық мәдениетінің, құқықтық санасының және құқықтық сауаттылығының деңгейін арттыру.