Авторлық құқықтарды ұжымдық басқару саласын цифрландыру

Авторлық құқықтарды ұжымдық басқару саласын цифрландыру

Авторлық құқықтарды ұжымдық басқару саласын цифрландыру: Бірыңғай цифрлық платформа

Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы 2025 жылғы қараша айында  қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру аясында, Әділет департаментімен «Qonaev TV» телеарнасы және «Alatau FM» радиоканалы өкілдерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстары (онлайн-семинар) жүргізілді.

Семинар барысында авторлық құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу механизмдері, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың заманауи және тиімді тәсілдері талқыланды.