Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарының назарына!

Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарының назарына!

Атқару құжаттары бойынша қарызы бар азаматтар су тасқыны салдарынан қиын жағдайға тап болған жағдайда «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 40-бабының талабына сәйкес, атқарушылық іс-әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкін етпейтін мән-жайлар болған кезде өндіріп алушы немесе борышкер не сот орындаушысы істі қараған сот алдына немесе орындалатын жердегі сот алдына орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы мәселе қоюға
 немесе орындауды  кейінгі қалдыру оның мерзімін ұзарту құқығын алуға болатынын түсіндіреміз
Орындауды кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ берілген сомаларды индекстеу туралы мәселені сот атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініші бойынша шешеді.
Сонымен қатар, егер Сіз су тасқынынан зардап шеккендерге мемлекеттен материалдық көмек алушы болсаңыз және атқарушылық құжаттар бойынша берешегіңіз болса немесе шотыңызға тыйым салынса, бұл туралы ісіңізді жүргізетін сот орындаушысына дереу хабарлауыңыз қажет.
Өз кезегінде, Заңының 98-бабымен өндіріп алуға болмайтын ақша сомасының түрлерінің тізімі белгіленген, олардың бірі,  бiржолғы сипаттағы материалдық түріндегі көмек болып табылады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, атқарушылық құжаттарды орындау мәселелері бойынша Сіз сот орындаушысына немесе Әділет департаментке (Ақтөбе қ., Абай даңғылы,17 Тел:8(7132)563016), Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына (Ақтөбе қ., Сәнкібай батыры даңғылы, 1/108; Тел:8(7132)540033) жүгінуге құқылысыз.

Ақтөбе облысы

әділет департаментінің

баспасөз қызметі