Әділет министрлігі «Управдом Казахстан» ЖШС-мен бірлесіп, тұрғындардың қолдарын онлайн жинауды, дауыстарды автоматты есептеуді, кворумды есептеуді және электрондық хаттаманы қалыптастыруды көздейтін «МИБ онлайн тіркеу» жобасын іске асырғанын хабарлаймыз.
Сонымен бірге, онлайн форматта «Управдом Казахстан» ЖШС арқылы МИБ басшысын ауыстыру қызметі іске қосылды, ол онлайн форматта дауыс беруді баламалы жүргізуге, сондай-ақ МИБ төрағасы туралы деректерді автоматты түрде жаңартуға мүмкіндік береді.
МИБ бірінші басшысын сайлау бойынша дауыс беруді келу тәртібімен өткізу кезінде МИБ төрағасының ауысымына қағаз жеткізгіштегі құжаттарды Әділет департаментінің кеңсесіне ұсыну қажет.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 43 бабының 4 тармағына сәйкес, Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы жиналыста пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері арасынан бір жыл мерзімге сайланады. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесімен тұрақты тұратын пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің отбасы мүшелері (жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе біреуінің балалары (оның ішінде асырап алған балалары), ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы) мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы болып сайлана алады.
Ақтөбе облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі