ITHub Ақтөбе базасында бизнес, IT-саласыөкілдері, ЖОО және мектеп оқушылардың қатысуымен «Зияткерлік меншік» атты ашық воркшоп өткізілді

ITHub Ақтөбе базасында бизнес, IT-саласыөкілдері, ЖОО және мектеп оқушылардың қатысуымен «Зияткерлік меншік» атты ашық воркшоп өткізілді

Зияткерлік меншікті дамыту мен қорғау қажеттігі туралы Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауын жүзеге асыру аясында, ITHub Ақтөбе базасында бизнес, IT-саласы өкілдері, ЖОО және мектеп оқушылардың қатысуымен «Зияткерлік меншік» атты ашық воркшоп өткізілді.

Анықтама. Аймақтық ITHub Ақтөбе 2023 жылдың тамыз айында ашылды. Бұл мемлекеттік қолдауымен, Astana Hub, аймақтық билік және демеушілердің көмегімен жасалған оныншы жоба. Мақсат - тек мегаполистерде ғана емес, жалпы технологиялық кәсіпкерлікті танымал ету, стартап мәдениетін қалыптастыру, IT-индустрия мен цифрлық білім беруді дамыту. Аймақтық IT Hubтар стартаптарды, IT мамандарды дамытуға арналған біртұтас экожүйенің бөлігі болып табылады, сонымен қатар венчурлық инвесторлардың, ірі бизнес өкілдерінің және технологиялық стартаптар қатысуымен салалық форумдар, бизнес-дебаттар, семинарлар, инновациялық тақырыптар бойынша іс-шаралар өткізілетін технологиялық командаларға арналған тәжірибелік алаң.

 

Ақтөбе облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі