23.11.2023 жылы «Amanat» партиясының Ақтөбе филиалы Департаментпен бірлесіп, заң қоғамдастығының қатысуымен «Құқықтық көмек» жобасы шеңберінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шара өткізді.
Қабылдау барысында азаматтарға мұрагерлік істі жүргізу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, сот актілерін орындау мәселелері бойынша толық жауаптар мен құқықтық кеңестер берілді.