Жергілікті басқару органдарымен дөңгелек үстел өткізілді

Жергілікті басқару органдарымен дөңгелек үстел өткізілді

Ағымдағы жылдың 16 қарашасы күні Әділет департаментінің қызметкерлерімен нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуші - қалалық мемлекеттік басқару органдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шара жергілікті атқару органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырлып, 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша нормативтік құқықтық актілерді келісуді және оларды кейіннен мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру бойынша құқық қолдану тәжірибесіне жүргізілген талдау қорытындылары талқыланды.

Дөңгелек үстел соңында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісуді жүзеге асыру, оларды кейіннен мемлекеттік тіркеу бойынша өзекті сұрақтарға жауап берілді.