Департамент басшысы қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, Әділет министрлігінің ведостволық наградасымен, алғыс хаттармен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының Алғыс хатын табыс етті.
Сонымен қатар, департамент қызметкерінің зейнетке шығуына байланысты сәттілік тілеп, алғыс білдірді.
Сондай-ақ, Әділет департаментінің өкілдерімен бірлесіп нотариат, адвокатура, жеке сот орындаушылар арасында үстел теннисінен өткен турнирдің жеңімпаздарын марапаттады. Ойын нәтижелері: Ерлер арасында:
1 - орын жеке нотариус
2 - орын Әділет департаменттің бас маманы
3 - орын жеке сот орындаушы
Әйелдер арасында:
1 - орын жеке сот сот орындаушы
2 - орын Департаментінің бөлім басшысы
3 - орын жеке нотариус.
Ақтөбе облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі