Құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбалардың күшін жою

Құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы  жазбалардың күшін жою

Құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбалардың күшін жоюды тіркеуші орган «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағына сәйкес заңды күшіне енген сот актілерінің негізінде жүзеге асырады.

       Әдетте, жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына бағытталған мәмілені жарамсыз деп тану туралы сот актісі тіркеу парағындағы жазбаның күшін жоюға негіз болып табылады. Сондай-ақ, сот басқа да құқық белгілейтін құжаттарды жарамсыз деп тануы мүмкін.

Тіркеу парағындағы жазбаның күші жойылған жағдайда жалпы тәртіппен өтініш беру талап етілмейді.

        Азаматтық кодекстің 157-1 бабының 2 тармағына сәйкес жарамсыздығына байланысты және жасалған кезінен бастап жарамсыз болған мәмiлелерді қоспағанда, жарамсыз мәмiле заңдық салдарларға алып келмейді.

       Мәмілені жарамсыз деп таныған кезде тіркелген құқықтар туралы жазбалардың күшін жою жүзеге асырылады, өйткені құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) мәміле жасалған кезден бастап туындаған болып саналмайды.

        Тіркеуші органның сот шешімі бойынша күші жойылмаған және жарамсыз деп танылмаған мәмілені өз бетінше жоюға құқығы жоқ екенін атап өту қажет.