Конкурсқа қатысу үшін қандай құжаттар қажет?

Конкурсқа қатысу үшін қандай құжаттар қажет?

Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.  Жалпы конкурсқа қатысуға тест рәсімдерінен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 түрлі түсті суретпен толтырылған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариат куәландырған көшірмелері.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.