Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру.

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру.

«Ақтөбе облысының әділет департаменті» РММ, 030000,  Ақтөбе қаласы, Абай даңғылы, 17,  анықтама үшін телефон: 8(7132) 56-30-80,56-30-16, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы  жариялайды.                   

Аттестаттау   29.05.2020ж. № 69 Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға қойылатын негізгі талаптар: жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өткен, Қазақстан Республикасының азаматы.                                              

Үміткердің Азаматтық кодексін, Азаматтық іс жүргізу кодексін, Қылмыстық кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін және «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңын білуі шарт.                                             

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның 140 бабының  2 тармағында көзделген негіздер бойынша аттестаттауға жiберуден бас тартылады, соның ішінде:

1)Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;

2) заңда белгiленген тәртiппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;

3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының және 36-бабының негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, мұндай оқиғалар болғаннан кейiн үш жыл iшiнде;

4) теріс себептермен мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарынан шығарылған адам шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде;

5) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья лауазымынан босатылған адам босатылған күннен бастап бір жыл ішінде;

6) жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін бергенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жазаланған;

7) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған;

8) осы Заңның 144-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушысының лицензиясынан айырылған адам сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде жеке сот орындаушысы бола алмайды.

Құжаттар: "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы аттестаттау өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.                                                                                                 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

- жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтуге жіберу туралы электрондық құжат нысанындағы өтініш.              

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, қызмет алушы мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын құжаттарды пайдалануға келісім береді, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге көзделмесе.

Құжаттар тиiсiнше ресiмделмеген не құжаттар топтамасы толық берiлмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесiне келiп түскен өтініш ұсынылған құжаттармен қоса түскен күнiнен бастап екі жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, қайтару себебi туралы жазбаша хабарламамен бiрге үмiткерге қаралмай қайтарылады.                                                                           

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәурдегі Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағында белгіленген шектеулер анықталғанда.                    

Аттестаттауды өткізу орны: Ақтөбе қаласы, Абай даңғылы 17.

Аттестаттауды өткізу күні: 2023 жылдың 28 ақпан, сағат 09.00.                    

Сонымен қатар, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына  аттестаттау жөніндегі сұрақтар бойынша атқарушылық өндірістерін қамтамасыз ету бөлімінің  8-71-32-56-30 -16; +77752087478 телефон нөміріне  хабарласып біле аласыз.