Заңгерлер кеңес береді!

Заңгерлер кеңес береді!

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған Даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында, әділет департаментімен 31.01.2023 жылы Ақтөбе облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасында облыс адвокаттарының, нотариустарының, жеке сот орындаушыларының, заң консультанттарының қатысуымен кезекті «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.

Шара барысында атқарушылық іс жүргізу тараптарына алимент өндіру, зейнетақы (жәрдемақы) тағайындау және т.б. мәселелері бойынша тегін құқықтық көмек көрсетілді.