«Ақтөбе радиосы» радиоарнасының эфирінде «Тауар шығарылған жердің атауы»

«Ақтөбе радиосы» радиоарнасының эфирінде «Тауар шығарылған жердің атауы»

«Ақтөбе радиосы» радиоарнасының эфирінде «Тауар шығарылған жердің атауы» тақырыбында Ақтөбе облысының әділет департаментінің  бөлім басшысы Т.Үбішевтың сұхбаты.

Тауар шығарылған жердің атауы – елдің, елді мекеннің, жергілікті жердің немесе басқа да географиялық объектінің қазіргі немесе тарихи, ресми немесе бейресми, толық немесе қысқартылған атауын білдіретін не атауы бар, осындай атауды қамтитын немесе осындай атаудан шыққан және ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауарға қатысты оны пайдалану нәтижесінде белгілі болған белгілеме. Осы географиялық объектінің аумағында тауар өндірудің тауардың ерекше қасиеттерінің қалыптасуына елеулі әсер ететін барлық сатысы жүзеге асырылуға тиіс.