Убишев Тимур Жұбанышұлы Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы

Убишев Тимур Жұбанышұлы Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы

1976 жылы 17 қазанда Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік заң университетінің «құқықтану», С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «экономика» және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Тарих-Дінтану» мамандықтары бойынша 3 жоғары білімі бар.
Әділет органдарындағы еңбек қызметі 1999 жылдан қараша айынан бастап Ақтөбе қаласы Әділет басқармасының сот жұмысы бойынша жетекші кеңесшісі қызметінен бастады. 2000 жылдың қарашасынан бастап 2001 наурызына дейін Ақтөбе облысының Әділет басқармасының заңды тұлғаларады тіркеу бөлімінің жетекші маманы, ал 2001 жылдың наурызынан бастап 2002 мамырына дейін осы бөлімінің бас маманыболып жұмыс істеді.
2002 жылдын мамыр айынан бастап 2004 жылдын маусым айына дейін Ақтөбе облысының Әділет басқармасының ұйымдастырушылық-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2004 жылдын маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін зияткерлік меншік құқытары бөлімінің басшысы қызметін атқарады.
ҚР-дағы АҚШ елшілігінің іріктеу байқауынан өтіп, әрі қарай АҚШ, Вирджиния штатының, Александрия қаласында «USPTO Global Intellectual Property Academy» оқыды.
Жұмыс істеген кезеңінде Тимур Убишев өзін кәсіби деңгейін үнемі арттырып отыратын жауапты, бастамашыл,қызметкер ретінде көрсете білді. Оның кәсібиүлесі арқасында Әділет департаменті зияткерлік меншік саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Ақтөбе облысының Әділет департаментінің басшылығымен бірнеше рет көтермеленді. «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен және «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.