Әділет департаментінің қызметкерлерімен оқыту семинары өткізілді

Әділет департаментінің қызметкерлерімен оқыту семинары өткізілді

А.ж. 15 қыркүйегінде Әділет департаментінің қызметкерлерімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының №2 қалалық бөлімінің қызметкерлеріне арнайы оқыту семинары өткізілді.
Оқыту семинары барысында заңды тұлғаларды, филиалдарды (өкілдіктерді) тіркеу, соның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді тіркеуге, тарату туралы арыздарды беру тәртібі, сонымен қатар ресми құжаттарға апостиль қою бойынша қолданыстағы заңнаманың негізгі талаптарына түсіндірме берілді.