
Қазіргі уақытта Қазақстандағы және жақын шетелдердегі әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар, сонымен бірге тұрғындардың толассыз көшіп-қонуы ең жаңа технологияларды қолдану арқылы қылмыстылықтың тез өсуімен айғақталады. Қылмыстарды тергеп-тексеру жетістіктері көбінесе арнайы білімдерді дұрыс пайдалануға байланысты болады. Сот сараптамасы арнайы білімдерді пайдаланудың процестік түрлерінің бірі болып табылады, оның міндеті қылмыстық, азаматтық істер, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істер бойынша өндірісті сот сараптамасы нәтижелерімен қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгінгі күні Ақтөбе ӨССО штаттық құрылымында 25 сот сарапшысы бірлігі, 27 дәрігер-сот-медициналық сарапшы бірлігі бар және сот сараптамаларының мынадай түрлері жүргізіледі: құжаттар сараптамасы, портреттік сараптама, фонографиялық, баллистикалық сараптама, заттар мен материалдар сараптамасы, есірткілік құралдар, психотроптық заттар, олардың аналогтары және прекурсорлар сараптамасы, медициналық (мәйіттер, жәбірленушілер, айыпталушылар және басқа тұлғалар сараптамасы), гистологиялық, биологиялық сараптама (медициналық), медициналық-криминалистикалық, химиялық-токсикологиялық, наркологиялық, психиатриялық, сонымен бірге жол-көлік оқиғалары және техникалық құралдар, тауартанушылық, молекулярлы-генетикалық, дінтанушылық сараптама және т.б.
Бұнымен қатар, Ақтөбе ӨССО шарт негізінде мамандандырылған зерттеулер өндірісі бойынша қызметтер ұсынады.
Мысалы, Сізді ұялы телефон арқылы қорқытты. Сотқа жүгіну үшін Сізге әңгіменің мәтінінің сөзбе-сөз мазмұнын құрастыру үшін жеке ретте фонографиялық сараптама жүргізу қажет. Дайын маман қорытындысымен болған оқиғаны сотта немесе басқа инстанцияда оңай дәлелдеп, өз құқықтарыңызды қорғай аласыз.
Жол-көлік оқиғалары біздің жолдарымызда көптен бері күнделікті нәрсеге айналды. Көлік санының көбеюімен қоса, апаттар саны да артты. Көптеген жағдайларда кінәліні анықтау қиын болмайды, бірақ анық жауап жоқ немесе ЖКО қатысушылардың полиция инспекторының шешімімен келіспейтін және залалды өз қалтасынан төлеуге ынтасыз жағдайлар сирек емес. Мұндай жағдайларда ЖКО кезіндегі автотехникалық сараптамаға жүгінуге тура келеді
Қазіргі уақытта ар-намыс пен қадір-қасиетке және іскерлік беделге тіл тигізу бойынша психологиялық-филологиялық сараптамалар жиі тағайындалады. Арнайы білімдерді қолдану арқылы зерттеу жүргізе отырып, сарапшылар тиісті тұжырымдар құрады, олар тіл тигізетін сөздердің, жекетұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты жағымсыз мәліметтердің бар-жоғын айқындайды.