Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу тәртібі қандай?

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу тәртібі қандай?

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу келесі тәртіпте жүргізіледі:                                                                                             

        нотариус мәмілені куәландырғаннан, мұраға құқық туралы куәлік немесе меншік құқығы туралы куәлік берілгеннен кейін тіркеуші органға (ЖМТ МДҚ) бірыңғай нотариаттық  ақпараттық  жүйемен (БНАЖ) берілген бірегей нөмірі  бар  құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмелерін жібереді.

       Тіркеуші органның тапсырысты орындауы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін төлемді растағаннан кейін немесе төлеуден босатылғаннан кейін, сондай-ақ егер барлығы дұрыс ресімделсе және жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтар болмаса, қолданыстағы заңнаманың нотариустың куәландырылған мәмілесінің сәйкестігіне құқықтық талдау жүргізілгеннен кейін басталады, тіркеуші орган мемлекеттік тіркеуді жүргізеді. Осы рәсімнен кейін ғана жылжымайтын мүлік иесі тіркелген болып саналады.

       Тіркеуші орган жүргізген тіркеу туралы хабарлама БНАЖ-ға, сондай-ақ мәмілеге қатысушылардың интернет желісіндегі электрондық мекенжайларына олар болған кезде жіберіледі.

       Осылайша, жылжымайтын мүлікті сатып алу, сыйға тарту, айырбастау немесе мұраны қабылдау кезінде азаматтарға Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) жүгінудің қажеті жоқ.

      Нотариаттық мәмілелер негізінде туындайтын құқықтарды тіркеу үшін өтініш берушілердің ХҚКО-ға жүгінуінің балама тәртібі алынып тасталды, яғни мұндай құқықтарды тіркеу тек бір жұмыс күні ішінде электрондық форматта ғана жүзеге асырылады, азаматтарға бір жерде (нотариуста) және қысқа мерзімде мүлікке құқықтарды тіркеу үшін қосымша шығынсыз тіркеуге мүмкіндік берілді.