Әділет департаменті адвокаттармен, нотариуспен, жеке сот орындаушыларымен бірлесе отырып, «КА-168/2» түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан тұлғаларға ауқымды құқықтық көмек көрсетті

Әділет департаменті адвокаттармен, нотариуспен, жеке сот орындаушыларымен бірлесе отырып, «КА-168/2» түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан тұлғаларға ауқымды құқықтық көмек көрсетті

Халықты тегін заң көмегімен қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Әділет департаменті адвокаттармен, нотариуспен, жеке сот орындаушыларымен бірлесе отырып, «КА-168/2» түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан тұлғаларға ауқымды құқықтық көмек көрсетті.

Шара барысында 30-40 адамға жуық түрлі сұрақтар бойынша, соның ішінде сот актілерін орындау, шартты түрде мерзімінен босату, азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша тегін құқықтық көмек көрсетілді.