Жылжымайтын мүлікпен мәміле жасау, мысалы, сатып алу-сату шарты, сыйға тарту және т.б. кезінде тараптар өз қалауы бойынша нотариалдық немесе қарапайым жазбаша нысандардың бірін таңдай алады.
Бірінші жағдайда мәмілені жасау қызметін нотариус орындайды, екінші жағдайда тараптар қажетті шартты дербес жасайды немесе заңгердің қызметін пайдалана алады.
Мәмілеге қатысушылар дайын шарт ұсынған жағдайда, мәміле жасаған адамдардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) қолдарының түпнұсқалығын, олардың әрекет қабілеттілігін (құқық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерік білдіруіне сәйкестігін тексеру жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша тікелей "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ (ХҚКО) фронт-офистерінде өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Нотариалдық куәландырылмаған мәмілеге жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу мерзімі өтініш тіркеуші органға келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда азаматтарға Әділет министрлігінің құқықтық ақпараттық қызметіне "119" нөмірі бойынша, Әділет департаментіне «56-37-79» нөмірі бойынша, сондай-ақ Ақтөбе облысы Әділет департаментінің ресми сайтына және Ақтөбе облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы жүгінуге болады.
Ақтөбе облысы Әділет департаментінің
баспасөз қызметі