Ақтөбе облысының әділет департаментінде, басшының орынбасары Г.Сағымбаеваның төрайымдылығымен жеке сот орындаушыларына арналған семинар өткізілді

Ақтөбе облысының әділет департаментінде, басшының орынбасары Г.Сағымбаеваның төрайымдылығымен жеке сот орындаушыларына арналған семинар өткізілді

Ақтөбе облысының әділет департаментінде, басшының орынбасары Г.Сағымбаеваның төрайымдылығымен жеке сот орындаушыларына арналған семинарда, зияткерлік меншік саласына қатысты жеке сот орындаушыларының қызметіндегі тәжірибелік аспектілері талқыланды.
Семинар барысында жеке сот орындаушыларына атқарушылық өндірісте зияткерлік меншік құқығының иелерін анықтау, сондай-ақ цифрлық ортада тауар таңбаларын заңсыз пайдалану фактілері бойынша сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Ақтөбе облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі