Ақтөбе облысының Әділет департаментіне жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Алма Саинқызы Сыдықова келді

Ақтөбе облысының Әділет департаментіне жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Алма Саинқызы Сыдықова келді

Ағымдағы жылдың 27 маусымында Ақтөбе облысының Әділет департаментіне жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Алма Саинқызы Сыдықова келді.
Сапар барысында мемлекеттік қызмет, әдеп нормалары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді, сондай-ақ әрбір қызметшімен жеке әңгімелесу өткізілді.
Сонымен қатар әдептілік қағидаларына сәйкес өзін қалай ұстау және жақсы ниеттер, адалдық пен әділдік негізінде әрекет ету туралы сұрақтар түсіндірілді.
 

 Ақтөбе облысы Әділет департаментінің  баспасөз қызметі