
Заңдық талап-бұл үшінші тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарға қатысты дауының немесе мүддесінің бар екендігін айғақтайтын заңды фактілер. Яғни, басқа тұлғаның біреудің мүліктік құқығын даулайтынын немесе мүлкіне өз құқықтарын мәлімдейтінін білдіреді.
Заңдық талаптарды мемлекеттік тіркеу есептік болып табылады және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұруға немесе құқық ауыртпалықтарын белгілеуге әкеп соқпайды.
Егер заңдық талаптарды тіркеу үшін негіз болған мән-жайлар жойылса, мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша немесе оның бастамасы бойынша заңдық талап қойылған адамның келісімімен заңдық талаптарды алып тастау жүзеге асырылады. Сондай-ақ, егер заңдық талап тіркелген күннен бастап үш жыл өткен соң шешілмеген жағдайда, зандық талапты мемлекеттік тіркеудің күші жойылады.Тіркеуші орган бұл туралы өтініш берушіні көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Ақтөбе облысының әділет департаментінің баспасөз кызметі