«Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығында болу

«Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығында болу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылы Ақтөбе қаласында «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы ашылған болатын.
Орталықтың басты мақсаты отбасы құндылықтары мен ұлт денсаулығын қолдау, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде бірігу, отбасын, ана мен баланы қорғау, болашақ аналарға қазақ халқының салт–дәстүріне негізделген тәрбие беру болып табылады.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін орталықта ұлттық мұражай, экспозициялық зал, психологиялық кеңес беру, қолданбалы өнер, тігін үйірмелері, стилистика мен дизайн сабақтарына арнайы кабинеттер қызметін атқарады. 
Патриоттық және эстетикалық мәдениет сезімін одан әрі арттыру мақсатында Әділет департаментінің қызметкерлері орталыққа экскурсияға шығып, оның қоғамды тәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтті.