Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

Әділет департаменті, "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы, Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы және нотариаттық палата өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тарту бойынша негізгі мәселелерді талқылау, оларды шешудің себептері мен жолдары, сондай-ақ коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеу тәртібі түсіндірілді.
Семинар қорытындысы бойынша, қатысушылар жылжымайтын мүлікке және заңды тұлғаларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тарту мен тоқтата тұруды төмендету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту үшін ұсыныстар берді.

 
Ақтөбе облысы Әділет департаментінің
баспасөз қызметі