Егер мүлік ерлі-зайыптылар неке кезінде сатып алса, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу тәртібі қандай?

Егер мүлік ерлі-зайыптылар неке кезінде сатып алса, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу тәртібі қандай?

Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен меншігі болып табылады ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексінің 33-бабының 1-тармағы), егер олардың арасындағы шартта бұл мүлік ерлі-зайыптылардың үлестік меншігі болып табылатыны не ерлі-зайыптылардың әрқайсысына меншік құқығында бір немесе тиісті бөліктерде тиесілі екендігі көзделмесе (ҚР Азаматтық кодексінің 223-бабының 1-тармағы).
       Деректері құқық белгілейтін құжатта жоқ жұбайдың басқа да құқықтарын тіркеу үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес неке жасына жеткен өтініш беруші тіркеуге арналған өтініште неке қатынастарында болу фактілерінің болмауы туралы мәліметтерді не неке қатынастарының болуын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өзінің жұбайы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс. Сонымен қоса, аталған талап 04.05.2020 ж. №27 Стандарттар мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі-Стандарт) жазылған. Егер шартта сатып алушы (иеленуші) ретінде ерлі-зайыптылардың біреуі ғана көрсетілсе және құқықтарды тіркеуге өтінішті олардың біреуі ғана берсе, бірақ екінші жұбайы туралы мәліметтер болса, тіркеуші орган екі ерлі-зайыптының да жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді жүргізеді.
      "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүгінген кезде екі ерлі-зайыптыларға ортақ бірлескен меншік құқықтарын тіркеу үшін стандарттарға сәйкес мынадай құжаттарды ұсыну қажет демек:
      1) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы белгіленген нысандағы өтініш; "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес неке жасына жеткен өтініш беруші тіркеуге арналған өтініште неке қатынастарында болу фактісінің жоқтығы туралы мәліметтерді не өзінің жұбайы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс;
2) көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады));
     3) тіркеу объектісін растайтын құқық белгілейтін құжат.
     4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін төлемді растайтын құжат;
    5) неке қатынастарының болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
     Құқықтарды электрондық тіркеу кезінде нотариаттық куәландырылған мәміле негізінде неке қатынастарының болуын растайтын құжаттың көшірмесі нотариусқа беріледі.
     Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, ерлі-зайыптылардың неке кезеңінде сатып алынған барлық мүлкі олардың бірлескен меншігі болып табылады. Осыдан, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының ортақ мүлікті құруға қатысу белсенділігіне қарамастан, олар оған тең құқықтарға ие.
Ақтөбе облысы Әділет департаментінің  баспасөз қызметі