Хабарландыру!

Хабарландыру!

26.11.2021 жылы сағат 10: 00-12: 00 Ақтөбе облысы Әділет департаментімен «Ашық есіктер күні» аясында облыстық мәслихат депутаты, заңгерлік қауымдастықтың қатысуымен «Халықтық кеңсе» ғимаратында (мекенжайы: Ақтөбе қ., Сәңкібай батыр даңғ., 249) азаматтарды қабылдау өткізу жоспарлануда.
Азаматтарды қабылдау келесі мәселелер бойынша жүзеге асырылады:
- сот актілерін орындау;
- алиметтерді өндіріп алу;
- мүлікке тыйым салу және тыйымды алып тастау;
-нотариустармен, адвокаттармен, сот орындаушыларымен, заң консультанттарымен көрсететін заң қызметтерінің сапасы;
- адвокаттық, нотариаттық, жеке сот орындаушылар қызметімен айналысу құқығына лицензия алу;
- жылжымайтын мүлікке құқықтарды,  заңды тұлғаларды және азаматтық хал актілерді тіркеу және т.б.