Заңдағы өзгерістер

Заңдағы өзгерістер

Заңнамаға атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге бағытталған түзетулер енгізілген болатын. Көрсетілген түзетулер шеңберінде жеке сот орындаушыларының (бұдан әрі - ЖСО) қызметіне ақы төлеу тәртібі нақтыланды. Атап айтқанда, баламен қарым-қатынас жасау тәртібі және талап қоюды қамтамасыз ету туралы атқарушылық  құжаттар бойынша ЖСО қызметіне ақы төлеу тәртібі көзделген.
        Яғни, баламен қарым-қатынас тәртібі туралы атқарушылық құжаттар бойынша  ЖСО қызметіне өндіріп алушы мен борышкерге бірдей үлестермен ақы төлеу жүктеледі. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы атқарушылық құжаттар бойынша төлем қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішхат берген тараптан өндіріп алынады.
        Бұдан басқа, "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңның 118-бабына борышкер атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындатуға ұсынғанға дейін  орындаған жағдайда, ЖСО қызметіне ақы төлеу өндіріп алынбайды деген норма енгізілді.