Конкурс

Конкурс

ҚР ӘМ Ұлттық зияткерлік меншік институты (ҚАЗПАТЕНТ) оқушылар арасында «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та, жасампаз бол» тақырыбында үздік эссеге жыл сайынғы конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.
Байқауға Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.
ЭССЕ 2021 жылдың 2 қыркүйектен бастап 11 қазанға дейін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.
Байқаудың мақсаты - оқушылардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру, зияткерлік меншік саласындағы білімді кеңейту және жас ұрпақ арасында патенттік мәдениеттің негіздерін қалыптастыру.
Байқау шарттарымен https://shapagat.kazpatent.kz/kk/content/okushylar-arasynda-bolashak-senin-kolynda-oylan-tap-ta-zhasampaz-bol-konkursy сілтемесі арқылы танысуға болады.
Жеңімпаздардың есімдері 2021 жылдың 22 қазанында белгілі болады.
Толық ақпарат алу үшін байқау ұйымдастырушыларына shapagat@kazpatent.kz электронды поштасы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.