Ел азаматы үшін Конституция - ол бірінші кезекте білуге тиіс заң, өйткені заңдарды білу және сауатты қолдану - өркениетті өмір нормасы, оның сапасын арттыру тетігі.
«Республика қызметінің негізгі конституциялық қағидаттары қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу болып табылады», - деп атап өтті әділет департаментінің өкілі Т.Убишев, ҚР Конституциясының 30 жылдығына орайластырылған Н.Байғанин атындағы кітапхананың онлайн - іс-шарасы барысында. Кітапхана оқырмандары еліміздің Негізгі Заңына арналған шығармаларды оқыды. Сонымен қатар, шығармашылыққа байланысты, авторлық құқық туралы сұрақтар талқыланды.