Жеке сот орындаушылармен жиналыс

Жеке сот орындаушылармен жиналыс

2021 жылдың 19 шілдесінде әділет департаменті басшысының төрағалығымен жеке сотрындаушылармен (әрі қарай-ЖСО) және Өңірлік палатаның басшылығының қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналыста 2021 жылдың 1 жартыжылдығының жұмыс қорытындылары, әлеуметтік маңызы бар істер категориясын, мемлекет пайдасына өндіру бойынша атқару құжаттарын орындау мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ борышкерлері жауапкершілікке тарту бойынша сапалы ұсынымдар жолдау, ЖСО-ның әрекетіне (әрекетсіздігіне) арыз шағымдардың санын азайту мәселелері қарастырылды.
Жиналыстың нәтижесінде Әділет министрлігінің даму жоспарының мақсатты индикаторларына қол жеткізу, сот актілерінің орындалу тиімділігін арттыру бойынша нұсқаулар берілді.