Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2021 жылғы 1 жартыжылдығының қорытындысы шығарылды

Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2021 жылғы 1 жартыжылдығының қорытындысы шығарылды

2021 жылғы 16 шілдеде Ақтөбе облысы әділет департаменті басшысының төрағалығымен департаменттің 2021 жылғы 1 жартыжылдығына арналған қызметінің қорытындысы және 2021 жылдың 2-ші жартыжылдыққа басым міндеттерді айқындау бойынша алқа отырысы өтті. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша департаменттің бөлім басшылары баяндама жасады.
ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, атқарушылық іс жүргізу саласын жетілдіру, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, ҚР заңнамасының жаңартулары бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері қаралды.
Іс-шара соңында департамент басшысы бірқатар міндеттер қойды, оның ішінде: азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, жоспарланған іс-шараларды уақтылы орындау және ҚР Президентінің, ҚР Әділет министрлігінің тапсырмаларын және Әділет министрлігінің Стратегиялық жоспарын іске асыру.