Онлайн семинар өткізілді

Онлайн семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 11 маусымында Әділет департаментімен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің ережелерін оқыту бойынша «ZOOM» платформасы арқылы жергілікті басқару органдарының өкілдерімен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттердің және Ақтөбе облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің  қатысуымен семинар өткізілді.

Семинарда Департамент қызметкерлерімен әкімшілік әділет туралы, әкімшілік органдар, әкімшілік актілер, әкімшілік әрекеттер, әкімшілік процедуралардың принциптері және әкімшілік актіге шағымдану сұрақтары талқыланды.

Онлайн-семинар соңында көкейкесті сұрақтарға жауап берілді.