Хабарландыру!

Хабарландыру!

Жеке сот орындаушы қызметімен айналысу құқығына үміткер болған аттестаттауға жіберілген үміткерлердің тізімі:

1.Аткиев Алмас Амангосович;

2.Исина Райкүл Бектемісқызы;

3.Курманалин Бекулан Нурлыбекович;

4.Макулова Асель Женисовна;

5.Нысамбаев Оралбек Куантаевич;

6.Телғозиев Мұхамбет Науатұлы;

7.Хорошевская Наталья Викторовна;

8.Шабакова Асима Бекежановна

Атттестаттау 29.05.2020ж. №69  Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген, Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Аталған қағидалар бойынша аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тест тапсыру;

Әділет министрлігі компьютерлік тестілерге (бұдан әрі – тест) енгізілуі тиіс және бір дұрыс жауабымен кемінде үш нұсқасы бар Азаматтық кодексін, Азаматтық іс жүргізу кодексін, Қылмыстық кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін және «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы»  Заңды білуіне сұрақтар тізбесін жасайды.

Yмiткер өз қалауы бойынша тестілеуден қазақ немесе орыс тiлiнде өтеді.   

Тестілеуден өту үшін сұрақтардың жалпы саны 100-ді құрайды.      

Тестілеу үшін берілген уақыт 90 минутты құрайды.  Егер дұрыс жауаптардың саны сұрақтардың жалпы санының 70 және одан артығын құраса, үмiткер тестiлеуден өттi деп саналады және екiншi кезеңге жiберiледi.

2) үмiткердiң бiлiмiн ауызша әңгімелесу түрінде тексеру.

Емтихан билетіне еңгізілетін сұрақтардың тізбесін Әдiлет министрлігімен бекітіледі. Емтихан билетіне сұрақтар жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшiн бiлудi қажет ететiн құқықтық тәртіп тақырыбына сәйкес келетін кемінде үш сұрақ кіреді. Үміткерге емтихан билеті бойынша дайындыққа 10 минут беріледі.   Емтихан билеттері бойынша дұрыс берілген ауызша жауаптар Комиссия мүшелерімен бесбалдық жүйемен бағаланады.

Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің басым дауысымен тиісті шешім қабылдайды.

Аттестаттаудан өтпеу үміткерлерге келесі аттестаттауға қайтадан қатысу үшін кедергі болмайды.

Аттестаттау жүргізілген кезде туындаған даулар сот тәртібінде қаралады.

Үміткердің қолында комиссия отырысына келген кезде жеке куәлігі болуы керек.

Аттестаттауды өткізу орны: Ақтөбе қаласы, Абай даңғылы 17.

Аттестаттауды өткізу күні: 2021 жылдың 15 маусым, сағат 09.00.                    

Сонымен қатар, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына  аттестаттау жөніндегі сұрақтар бойынша атқарушылық өндірістері қамтамасыз ету бөлімінің телефон  8 /7132/56-30 -16  нөміріне  хабарласып біле аласыз.