Мемлекеттік қызметшілердің әдеп және мінез-құлық нормалары бойынша семинар өткізілді

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп және мінез-құлық нормалары бойынша семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 09 маусымында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер саласындағы бақылау басқармасы басшысының, Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің және мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен "әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу" тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында мемлекеттік органның имиджін арттыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында тәртіптік жаза қолдану практикасы мәселелері қаралды.