Онлайн-семинар

Онлайн-семинар

2021 жылдың 9 маусымында Әділет департаменті мамандарымен Ақтөбе облысының аудан әкімдігі және мәслихаты өкілдерінің қатысуымен «Zoom» платформасы арқылы бейне конференция негізінде онлайн-семинар өткізілді.
Онлайн-семинардың мақсаты - нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, құқықтық мониторинг жүргізу кезінде кездесетін проблемалық мәселелерді талқылау және шешуін табу, сондай-ақ, НҚА мемлекеттік тіркеу қажеттілігінің критерилерін анықтау.