1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

Ақтөбе облысының Әділет департаменті достық, түсіністік және келісім мерекесі - Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтайды!

Бұл мереке бүгінгі таңда Қазақстан халқы үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі.

Қазақстан 130-дан астам ұлт біріктіреді, олар бір үлкен, тату отбасын білдіреді.

Осынау айтулы күні, Сіздерге денсаулық, жақсылық пен амандық,  өмірдің барлық салаларында өркендеу мен жасампаздық тілейміз.

Бір шаңырақ астындағы халқымыздың достығы мен ынтымағы мәңгі жасай берсін!