Мұражайға экскурсия

Мұражайға экскурсия

Халықаралық музейлер күні қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысы Әділет департаментінің қызметкерлері облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.

Іс-шараның мақсаты патриоттық және эстетикалық мәдениет сезімін одан әрі арттыру болып табылады.

Мұражай қызметкері музейдің ашылу тарихымен, экспонаттармен және кәдесыйлармен, ғалымдар жинаған мұражайдың археологиялық коллекциясымен, сондай-ақ біздің облысты және жалпы Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың тарихымен, қолөнерімен таныстырды.

Мұражайға бару кезінде барлық санитарлық нормаларды сақталды.