Назар аударыңыз!

Назар аударыңыз!

      Ақтөбе облысы коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші бойынша «қызыл» аймаққа енгендігі және осыған байланысты Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар Ақтөбе облысы Әділет департаментіне бармай-ақ, кез-келген уақытта электрондық үкімет порталы (әрі қарай- ЭҮП) арқылы өтініштерін жібере  алатынын естеріңізге саламыз.

       Бұл әдіс ұзын кезекте тұру мәжбүрлігінен құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге де мүмкіндік береді.

       ЭҮП арқылы өтініштер жіберу қызметін алу оңай, әрі жылдам. Алдымен еgov.kz порталына кіріп,  «Электрондық өтініштер» сервисін таңдау қажет. Ұсынылған нысанды толтырып, қажетті құжаттарды бекітуге болады. "Алушы" өрісінде Сізге қажетті мемлекеттік органды таңдап, өтінішіңізді ҚР ҰКО ЭЦҚ-мен (Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен) қол қою арқылы жолдайсыз.

       Құжатты қарастыру кезінде пайдаланушының жеке кабинетіне өтініштің жеткізілгендігі туралы, тіркеу күні мен мемлекеттік органда тағайындалған тіркеу нөмірі немесе өтінішті тіркеуден бас тарту себебі көрсетілген  хабарлама келеді.

        Сонымен қатар, Сізге орындаушы мен орындау мерзімі көрсетілген орындау күні мен өтінішті қарастыру нәтижелері туралы хабарлама, немесе мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдарға және өзге органдарға жіберуі туралы ақпарат келеді.