Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда әзірленген «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап іске қосылады деп жоспарлануда. Осыған байланысты Ақтөбе облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің бас маманы ауданаралық әділет басқармалары мен сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлім қызметкерлеріне «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесімен жұмыс жүргізу жөнінде семинар өткізді. Семинар барысында өтініштерді тіркеу процессімен таныстырып, қызметкерлердің жұмыс барысында туындаған сұрақтарын талқылады.