Мүлікті тәркілеу жұмыстары жүргізілді

Мүлікті тәркілеу  жұмыстары жүргізілді

Ақтөбе облысы Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысының орындауында 06.01.2020 ж. Ақтөбе қаласының №2 соты шығарған атқару парағы негізінде қозғалған халық тұтынатын тауарларды мемлекет кірісіне тәркілеу туралы атқарушылық өндірісі  болды.

Аталған атқару парағына сәйкес, Кеден органының қызметкерлері кедендік тексеру жүргізгені анықталды. Оның нәтижелері бойынша халық тұтынатын 292 тауар көлемінде дұрыс емес декларациялау және декларацияламау анықталды.

Сот актісін орындау барысында Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы халық тұтынатын тауарладыр Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне әрі қарай мемлекет пайдасына өткізу жұмыстарын жүргізу үшін  берілді.